Бүгін Ішкі істер Министрлігінің өкілдері облыс орталығында көшпелі кеңес өткізді. Бас қосуда нашақорлықпен күресу жолдары талқыланды. Келесі сюжетте толығырақ айтамыз.
Есірткі-қоғам дерті. Полиция қызметкерлері мен күш құрылымдары күнделікті алдын алу жұмыстарын жүргізсе де қылмыс жасау және оны пайдалану азамай тұр. Бұл індетпен қоғам болып күресу керек дейді кеңес мүшелері.
Былтыр өңірде есірткіге қатысты 264 қылмыс орын алды. 36 пайыз өскен. Кеңес мүшелері бұл қоғам дертімен жұмылы күресу керек деп айтады. Балаларды спортқа баулып, қызығушылығын арттыру, отбасы ішінде тәрбиелік мәні зор әңгіме жүргізуді және мектепте үнемі тыңғылықты шаралар легін қолға алу керек деген ұсыныстар айтылды.
Әйгерім Тоқпанқызы