«Көрісу күні – Амал мерекесі» – ежелден бізге жеткен және барша қазақстандықтарды біріктірген «Наурызнама» онкүндігінің мерекелерінің алғашқысы. Атаулы күнге байланысты қоғамдық келісім орталығының бірлестіктері мәдени шара ұйымдастырды. Экранға зер салайық.

Облыстық ҚХА-ның этномәдени бірлестіктері мен құрылымдары мүшелерінің қатысуымен Наурызнама онкүндігі аясында «Қош келдің, Наурыз – жыл басы!» атты мерекелік шара өткізілді. Шара барысында көрісу дәстүрі өзге ұлт өкілдеріне таныстырылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.

Шара барысында Наурыз мерекесінің басты нышаны — жол терек туралы да әңгіме қозғалып, оның дәстүрлі маңызы мен символикасы түсіндірілді. Ал этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдар Достық үйінің қонақтарын жылы қарсы алып, жаңалықтармен бөлісті.

Айта кетейік, қоғамдық келісім орталығы наурызнама онкүндігін әр тақырыпты ауқымды түрде өткізбек.

Байтұрсын Жұмабай