Жеңістің 80 жылдығына орай қаламыздағы Әскери даңқ музейінде ерекше шаралар легі ұйымдастырылады. Музей қызметкерлері алдағы шаралар мен жоспарлары жайында бөлісті. Толығырақ келесі сюжетте.
Қазір музейде 250-ден астам құнды жәдігер сақталған. 2023 жылы музейде ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, экспозициялар жаңартылды. Жаңартылған залда алты түрлі тақырыптағы көрме орналастырылды.
МИРАС САҒЫНДЫҚ, Г.Н.ПОТАНИН АТЫНДАҒЫ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСИЯ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Одан кейінгі бекініске қатысқан батырларымыз жайлы айтуға болады. Бекіністе неміс шабуылында қаза тапқан батырлар. Сол кісі жайында экспозиция ашылды. Және Павлодар облысының тумасы батырынң жеке заттары көрсетілген. Және жаңартылған экспозиция бұл кеңе одағының батырлары. Бұл жерде Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметованың суреттері салынған.
Музейдің биылғы шаралары тек зал ішінде шектелмейді. 18 мамыр күні «Музей түні» деп аталатын басты шара өтеді.
МИРАС САҒЫНДЫҚ, Г.Н.ПОТАНИН АТЫНДАҒЫ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСИЯ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Музей түні өткізіледі. Бұл қойылымда универ, колледж студенттерін шақырып, әскери киімдерін киім үлкен шара өтеді. Шара ең бірінші даладан басталады. Содан кейін музей ішінің экспозицилары жандандырылады. Үлкен экскурсия өткізіледі. Қазақ және орыс тілінде.
Бұл ерекше кеште театрландырылған қойылым ұйымдастырылады.
Сабина Жолдаспаева