«Самрұқ Қазына Труст» әлеуметтік жобалар қоры «Самұрық үміті» жобасын біздің өңірде жүзеге асыру ниетті. Бұл үшін қор жетекшісі облыс әкімі Асайын Байхановпен кездесіп, меморандумға қол қойды. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Құжат аясында балалар үйінің 8-9 сынып оқушылары арнаулы білім беру мекемелеріне жұмысшы мамандықтарға оқуға түсу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ қор мамандары жетім балаларға ересек өмірге бейімделуге де септігін тигізеді. Яғни, жан-жақты қолдау көрсетіледі деген сөз. Биыл жұмысшы мамандықтар жылы екені белгілі. Ал Павлодар өңірі өндіріс әлеуеті дамыған өлкенің бірі болғандықтан бұл бастама жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Біздің өңірде бірнеше салада үлкен өнідірстік ұжымдардың иесі. ГРЭС, Екібастұз жылу станциясы болсын жұмыс істейтін қызметкерлердің саны өзі 20 мыңға жуық. Бұл істер халықтың әл ауқатына аз көп болсын студенттердің болашағына әсер беретіні сөзсіз.

Бірлесе атқарылатын жұмыстың көкжиегі кең. Бұдан бұрын қор инклюзия, әлеуметтік қолдау бағытында жұмыс істеген. Енді маман даярлау, шетелде тәжірбие алмасу мүмкіндігіне қолдау білдіреді.

АЛЬФИЯ АДИЕВА, «SAMRUK-KAZYNA TRUST» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ

Бұл жерде ойлана келе 8-9 сынып оқушыларына бастап өз мамандықтарға бағыттау мақсатында осы жобаны жасақтадық. .. өседі деген мақсатымыз бар.

Бұл бастама білім беру мекемесі мен елдегі жетекші әлеуметтік жобалар қоры арасындағы әріптестікті нығайтып, ұзақ мерзімді және нәтижелі ынтымақтастық орнатуға сеп болмақ.

Әйгерім Тоқпанқызы