Павлодар облысы Білім беру басқармасы Қазақтелеком акционерлік қоғамы ғимаратында төрт білім беру ошақтарымен меморандумға қол қойды. Серіктестіктің мақсаты қандай? Несімен тиімді болмақ? толығырақ тілшіміз баяндасын.

  Біздің өңірмен ынтымақтастықта жұмыс істеу үшін Семей қаласының өкілдері ат терлетіп келді. Бүгін қойылған құжатта Қазақтелеком акционерлік қоғамы, Семей қаласының ІТ және жаңа технологиялар жоғары колледжі, Павлодар облысы білім беру басқармасы мен жоғары электроника және коммуникация колледжі басшылары өзара серіктестікте жұмыс жасауды ұйғарды. Бұл арқылы студенттердің білім алу көкжиегі кеңейіп, тәжірбие алмасу алаңы құрылады.

Меморандум білім беру басқармасының жол картасы негізінде жасалды. Академиялық ұтқырлықта назардан тыс қалған жоқ. Орта арнаулы білім беру орындарымен тәжірбие алмасу да құжатта қарастырылған.

Енді телекоммуникацияға қатысты технологиялық бағдарламаларды екі қала студенттері бірігіп жасайды. Бұл өзара білім алмасу үшін жасалынатын зор мүмкіндік.

Бұл студенттердің болашағы үшін жасалған бастама. Алдағы уақытта студенттер сапалы білім мен қарымды тәжірибеге қол жеткізері анық.

Дильназ Куанышбекова