«Астана Балет» Павлодарда. Біздің түсірілім топ әйгілі театрдың үлкен сахнаға шығар алдындағы дайындық сәтіне куә болды.

Қызу дайындық, костюмдердің соңғы әрленуі, сахнаға шығар алдындағы толқыныс. Бұның бәрі перденің артында болып жатыр. Алайда, көременге ұсынылар биік өнердің терең әсері, тылсым сыры осы жерде туады. Біз үлкен толқыныс үстінде жүрген әстістермен тілдесіп, павлодарлықтарды қандай таңғажайып күтіп тұрғанын сұрадық.

ТАТЬЯНА ТЕН, «АСТАНА БАЛЕТ» ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ СОЛИСТІ

Ерекшелік көп болады. Бірқатар нюанстар бар. Қысқасы өзгешіліктерге, әдеттен тыс шешімдерге толы қойылым болады.

ЭЛМАР БӨРІБАЕВ, «АСТАНА БАЛЕТ» ТЕАТРЫНЫҢ ДИРИЖЕРІ

Репертуар құрастырған кезде біз әрқашан бәрінің көңілінен шығатындай таңдау жасаймыз. Кәсіпқойлар да, әуесқойлар да түсініп, өз бағасын беретіндей, жаңалық таба алатындай болса дейміз. Сонымен қатар, өзіміз естігіміз келетін де алғымыз келеді.

Театрдың гастрольдік сапарлары Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Елордалық сахна шеберлері павлодарлық көрермендерге «Кармен», және «Триумф» балеттерін ұсынады. 19-наурыз күні әлемдік опера жұлдызы Мария Мудряк «Астана балет» театарының симфонилық оркестріне қосылып, павлодарлықтар үшін өнер көрсетеді.

Жанасыл Серікбол