Онкологиялық диспансерде лор дәрігерлері мен стоматологтарға арналған семинар өтті. Күн тәртібінде бас және мойын обырын ерте анықтау мәселесі қаралды.Толығырақ алдағы сюжетте.

Павлодар облысында мойын мен бас обыры көбінесе соңғы сатыда анықталады. Сондықтан біздің емханалар мен стоматологиялық мекемелердің мамандары аурудың белгілерін анықтай білуі тиіс. Білім алмасу мақсатында онкологиялық диспансер Алматыдан келген мамандарды қабылдады.

ОРАЗБЕК ЕШНИЯЗОВ, ОНКОЛОГИЯ ЖӘНЕ РАДИОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ОНКОЛОГ-ДӘРІГЕРІ (АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ)

Павлодар облысы бас және мойын обырының асқыну дәрежесі бойынша антирейтингте алдыңғы қатарда. Яғни, Қазақстан бойынша ең жоғары орындардың бірін алады. Ал проценттік қатынас бойынша Павлодар бұл патологияның асқынуында алғашқы орындарда тұр. Сондықтан халықты және кәсіби мамандарды ақпараттандыру мақсатында арнайы Алматыдан біздің топ келіп отыр.

Онкологиялық диспансерде 13 885 пациент тіркелген, олардың 386-сы бас және мойын обырынан зардап шегеді. Былтыр 57 жаңа жағдай анықталса, биыл жылдың басынан бері 5 жағдай анықталыпты.

ӘСЕЛ АСҚАРОВА, ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС БОЙЫНША ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

АУДАРМА! 0907///// 00:49 - «Өкінішке орай, бас және мойын обырлары – өте өзекті тақырып, бұл локализация жетекші орындарға шығып келеді. Көбірек жағдайлар анықталыпта жатыр. Сондықтан келген эксперттер өз тәжірибелерін бөлісіп жатыр, олармен тығыз жұмыс істеу керекпіз.

Семинардан бөлек, Алматыдан келген дәрігерлер біздің пациенттерге тегін тексеру жүргізді.

Қымбат Садық