Наурызнама тұжырымдамасының бір бөлігі – жаңару! Бұл күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды. Осы мақсатта, қаламыздағы балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында ағаш тұқымы егіліп, ұлттық құндылық насихатталды.
Наурызнаманың алтыншы күні Жаңару күні деп аталады. Мұнда табиғат түрленіп, тіршілік қайта жандана түседі. Осы мақсатта жасөспірімдер де амур жүзімі мен перемидальды теректердің тұқымын егіп көрді. Ағаш тұқымы өз жемісін беретіні сияқты, Жаңару күнінде жаңа идеялар туындап, қоғам өркендей түседі деген ой бар.
АСИЯ ҚАСЕНОВА, БАЛАЛАР-ЖАСӨПІРІМДЕР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰСТАЗЫ
Бүгінгі таңда осы балалармен іс-шараға атсалысып отырамыз. Қазір жүргізу мақсатын түсіндіреміз, осы отырғызған теректерді әрі қарай дамытып, өсіріп көктемнің жылы кезінде далаға отырғызамыз осы теректерді. Осы балаларды қаламызды өркейтуге, жаңартуға атсалыстыру үшін шақыртып отырмыз.
Жаңару күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді. «Бір тал кессең, он тал ек» дегендей ағаш тұқымын егу, оны отырғызу да келешек дүние үшін жасалар игі амалдың қатарында.
ЗӘУРЕШ АЙТМҰҚАШ, №2 ЖОББМ ОҚУШЫСЫ (АТАМЕКЕН КЕНТІ)
19 наурыз Жаңару күнінде тіршілік қайта оянады жұмыс істейміз. Мен алдағы уақытта сол ағашым 7-10 жылдан кейін оның үлкендігін көргім келеді.
Айта кетейік, ұлттық құндылықты дәріптеген шараға 40-қа жуық бала қатысты. Олар еккен ағаш тұқымдары жемісін беріп, табиғаттың, мемлекеттің, тіпті қоғам жаңаруының символына айналары анық.
Қымбат Садық