Ақпараттық технологиялар колледжінде облыстық «Уорлдскиллс» байқауы өтіп жатыр. Студенттер «Компьютерлік ойындарды 3Д моделдеу» құзіреттілігі бойынша сынға түсуде. Жарыстың алғашқы күні қалай өтіп жатқандығын тілшіміз көріп қайтты.

Компьютерлік ойындар жастардың аса қызығатын әлемдерінің бірі. Бала жастан компьютерді ермек етіп, қиялын күрделі ойыдармен ұштаған жастар қазір сол әлемді өздері жасап та жүр. Бүгінгі сайысқа келген студенттер өздерінің біліктерін бір сынап алмақ. Оған әр түрлі колледждерден мықтылар қатысуда.

Сайысқа қатысушылар жыл санап артып келеді. Барлығы да облыс аумағындағы колледждерде бағдарламалық қамту мамандығы бойынша білім алып жатқан ізденімпаз жастар. Ұйымдастырушылар бұндай бәсекенің оларға берері мол екендігін айтады.

Светлана Тетерина, сайыстың бас сарапшысы

Бұндай сайыстар біздің жастарды халықаралық деңгейге көтерілуіне ұмтылдырады. Қазақстандық, соның ішінде павлодарлық жастар бұл бағытта жақсы дамып келеді. Мына сайыста қатысушылар барлығын нөлден бастап істейді. Барлық элементтері мен детальдарын құрастырады. Сосын өз жасағандарын компьютер әлеміне енгізе алады. Ал, компьютер әлемі бүкіл әлемге ортақ. Сондықтан, жастар Павлодар облысының ғана емес, күллі елдің иммиджін көтере алады.

Бүгін 7 сағат бойы тапжылмай тапсырма орындаған қатысушылар ертең де сағаттап отырып ауыр міндетті абыроймен атқаруға тырысады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерлер халықаралық, не болмаса Азия деңгейінде бақтарын сынауға мүмкіндік алады.

Жанасыл Серікбол