Облыс орталығында ерекше форматта көлік жарысы өтті. Темір тұлпарларға қызығушылық танытқан жастар өз көліктерімен арнайы алаңда дрифт жасап, шеберліктерін көрсетті. Оқиға барысында полиция қызметкерлері қауіпсіздікті қадағалап, барлық қажетті шаралар толық сақталды

Көлікті жаны сүйетіндер бұл сәтте ерекше әсер мен адреналинге бөленіп, темір тұлпарды басқарудағы өнерін паш етті. Қатысушылар арасында тәжірибелі жүргізушілермен қатар, алғаш рет дрифтке қатысып жатқан жастар да болды. Оларға арнайы нұсқаулықтар беріліп, қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

Дмитрий Клименко, ұйымдастырушы

Бұл жерге 200, немесе 500-ден астам көлік жиналады. Әркезде әртүрлі болады, өзіміздің тобымыз бар, сол жерде ақылдасып, осындай шара өткізіп отырмыз. Осымен үшінші жылы қатарынан өтіп келеді. Биыл полиция қызметкерлерімен бірлесіп отырмыз, жол-қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында. Мына экшн-алаңында көлік жүргізуден тәжірибесі бар жүргізушілер отырады. Барлық ережелер қатаң сақталады.

Шараның басты мақсаты — көлік жүргізушілерінің кәсіби біліктілігін арттыру, экстремалды жағдайда автокөлікті дұрыс басқаруды үйрету. Сонымен қатар, жастар арасында көлік мәдениетін қалыптастыру, рұқсат етілмеген көше жарыстарының алдын алу көзделген.

Абылайхан Алпысбай, Павлодар қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары

Ең бірінші, қауіпсіздік белдігін салу керек, рөлде щаршап , мас күйінде отырмау керек. Ең бастысы көлік алдында, жанын көру керек. Мүмкін балалар жүгіретін шығар, қазір жазғы демалыс басталады енді. Біздің ең басты мақсатымыз балалармен жол-көлік оқиғаларын төмендету. Заңға байланысты біз әкімшілік хаттаманы толтырамыз сол кісіге. Бүшіг ұйымдастырушы әкім атына хатын жазды. Бізден сұрады, біз ұйымдастырдық. Жол қауіпсіздігін қарап, сондай бір тамаша спорттық жарыс өткізілуде.

Жол ережесін сақтау мен көлік жүргізудегі жауапкершілік – әр көлік тізгіндеген жүргізушінің міндетінде. Ал мұндай шаралар жастарды тәртіпке, техникалық сауаттылыққа баулиды.

Қымбат Садық