«Таза Қазақстан» акциясы аясында қоршаған ортаны қорғау күні «Ертіс Орманы» резерваты «Еко стиліндегі өмір» акциясын өткізді. Онда пакртер шеруі ұымдастырылып, танымдық квес өтті.

Акция парктер маршымен басталды. Шеру қоғам назарын ерекше қорғалатын аумақтарға аудару мақсатында ұйымдастырылды. «Ертіс орманы» резерваты орман - елдің байлығы, өмірдің нәрі екендігін осындай тәсілмен жеткізуді шешкен. Резерват «Таза Қазақстан» акция аясында көптеген экологиялық шараларға ат салысып жүр.

Бұндай шараларға оқушыларды да қатысады. Осылайша табиғатты қорғауды ерте бастан үйренеді. Балалардың өздері де бұндай шараның маңызды екендігін, қажет екендігін біледі.

Шара 600 ге жуық адамды қамтыды. Акция концерттік бағдарламамен жалғасып, белсенділер марапатталды.

Жанасыл Серікбол