Біздің оқушылар топ жарды. Олар зияткерлер халықаралық робототехника сайысында жүлдегер атанып, Болгарияда өтетін әлемдік додаға жолдама алды. Толығырақ келесі сюжетте.

Робототехника – бүгінгі жасөспірімдер арасында ерекше қызығушылық тудырып отырған бағыттардың бірі. Әртүрлі жарыстарда тәжірибе жинаған павлодарлық команда халықаралық чемпионатта жер асты әлемі мен археология тақырыбына арналған жобасын ұсынып, бірінші орынға ие болды.

Анар Жамбыл, робототехника мұғалімі

Ферст лига жарысы бірнеше кезеннен тұратын жарыс. Сонымен облыстық, республикалық ең ақырғы Әлемдік денгейде өтетін жарыс. Осы жылы тақырып археология болып саналды.

Данат Касимов, қатысушы

Біздің жоба, ежелгі Түркістан. Бұны біз көктемнен бастадық. Қазір де толықтырып келеміз. Бізді жеңіске сүйреген археологиялық макет болды. Бұл біз бұл туынды арқылы жеңіске жеттік.

Сайыс барысында қатысушылар бірнеше бағыт бойынша өз жобаларын таныстырды. Команда мүшелері макеттің барлық бөлшегін өздері құрастырып қана қоймай, олардың еркін қозғалысын қамтамасыз ететін бағдарламаны да әзірлеген.

Эльдар Кавана, қатысушы

Мен робототехнкамен 4 жасымнан айналысамын. Алғашқы кубокты 5 жасымда ұтып алдым. Ең алғаш рет бағдарламалау дағдыларын үйреніп алған едім.

Элеонора Гейер, қатысушы

Мен бұл команданың капитаны әрі бағдарламалаушымын. Бұл сайыс өте қызықты болды. Қарсыластардың да жұмыстарын бақыладық. Оған қоса, өз жобамызды қорғадық.

Қазір Digital Nomads командасы Болгарияда өтетін әлемдік бәсекеге қызу дайындық жүргізіп жатыр. Халықаралық жарыс сәуір айында өтеді.

Байтұрсын Жұмабай