Облыста халықты жұмыспен қамту жолында бірақатар жоба жұмыс істеуде. Солардың бірі жасы 50-ден асқан тұрғындарға арналған «Күміс жас» жобасы. Бұл жобаға қатысудың өзіндік шарттары бар. Ең басты шарт азаматтың жұмысссыз ретінде тіркелуі.

«Күміс жас» жасы 50 ден асқан азаматтарға мүмкіндік. Зейнетке шығар алдындағы еңбекпен қамтылуы. Осылайша, зейнетақы аударымдарын айтарлықтай молайтуға мүмкіндік бар. Жобаға қатысу үшін дипломның болуы шарт емес.

Айбек Әнуар, еңбек мобильділігі орталығының маманы

«Күміс жас» жобасы дегеніміз 50 жастан асқан азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыратын жоба. Қойылатын талаптар: 50 жастан асжан және зейнет жасына жетпеген болуы керек. Жұмыссыз ретінде тіркелген болуы керек. Биылғы жылы өңірімізде жоспар 375 болды, бүгінгі күні 226 адам жұмысқа орналастырылды.

Жоба аясында жұмысқа орналасқан азаматтардың айлығы субсидияланады. Осылайша, жұмыс берушіге де, жұмысқа орналасушыға да оңтайлы жағдай құрылған. Облыс бойынша осы жоба аясында жеке секторға жұмысқа тұрғандар саны басым.

Айбек Әнуар, еңбек мобильділігі орталығының маманы

Бірінші жылы қойылған жалақының 70 пайызы субсидияланады. Бірақ, 30 АЕК аспайды. Екінші жыл 65 пайыз, 30 АЕК аспайды. Үшінші жыл 60 пайызы субсидияланады. 30 АЕК аспайтын. Жалпы бағдарламаның мерзімі 36 ай. Жеке меншік шаруа қожалықтарына, дүкендерге, жеке меншік кәсіпкерлікке бағытталып жатыр бұл жұмыс орындары.

Былтыр осы жоба аясында 865 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, 887 адам жұмысқа тұрған.