Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған 100-ге жуық азамат жауапкершілікке тартылды. Бұны құқық қорғау қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» операциясы барысында анықталды.

Тәртіп сақшылары рейд жүргізді. Полицейлер шетел азаматтары көп жүретін орындарды — жатақханалар мен хостелдер, құрылыс нысандарын тексерді. Рейд кезінде салынып жатқан нысандардың бірінде тиісті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеп жүрген 8 шетел азаматы ұсталды.Анықталғандай бұл азаматтар бұған дейін де бір жыл ішінде дәл осындай құқық бұзушылық жасап, әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді. Қайталап заң бұзғаны үшін оларға қатысты тиісті шаралар қабылданды.Сонымен қатар, елімізде жүріп тұру заңнамасын бұзғаны үшін шетел азаматына қатысты сот шешімі шықты. Енді олар ел аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылады. Тәртіп сақшылары елорда сотының шешімін орындаудан қашып жүрген тағы бір шетелдікті қолға түсірді. Бұған дейін елден шығару туралы қаулы қабылданғанына қарамастан, ол белгіленген мерзімде Қазақстан аумағынан кетпеген. Алдын алу шарасы жалғасын таппақ.

Әйкерім Тоқпанқызы