«Алтын сақа» инновациялық орталығы амал мерекесінде көршілерімен көрісіп, көктемнің шуақты күндерін қарсы алды. Ән салып, би билеп көршілермен байланысы мықты екенін тағы бір дәлелдеді.
Амал немесе көрісу мерекесі қазақтың бұрыннан келе жатқан көне дәстүрлерінің бірі. Еліміздің батыс өңірінде әркез атап өтілетін. Соңғы жылдары барлық аймақтар дәстүрдің, мерекенің маңыздылығын түсініп, қарсы алуда.
Айтжамал Әубәкірова, «Алтын сақа» инновациялық орталығының ұстазы
Бүгін Алтын сақа инновациялық орталығында үлкен мереке өтіп жатыр. Бізге көрші мектептер келіп жатыр. Амал мерекесінің құндылығын жеткізу, көрісу, ренштің бәрін ұмыту деген сияқты.
Осылайша «Алтын сақа» көршілерімен көрісіп, екінші Павлодарда орналасқан №18, №41 және Қ.Бекқожин атындағы мектептердің ұстаздарымен, оқушыларымен кездесіп, төс қағыстырды. Ұлттық салт дәстүрден үзінді көрсетіп, әдемі дастарханның үстінде әңгіме өрбітті.
Гүлназ Шадихан, №18 ЖОББ мектебінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары
Амал мерекесі көнеден келе жатқан мереке. Қыстан аман есен шығып, төс қағыстырып, амандықтарын сұрау дәстүрі. Бірінші рет емес біз бірімізге көршілес мектептер жиі қонаққа барып тұрамыз. Біз де барып жүрдік.
Көрші ақысы, тәңір хақысы дейді қазақ. Көршісін Құдайдай сыйлаған халықпыз. Осы ретте, бір пұшпақтың терісін илеп отырған білім беру ұйымдары ұрпаққа үлгі өнеге көрсету мақсатында осы шараны өткізді.
Гүлнарай Анесова, Қ.Бекқожин атындағы ЖОББ мектебінің директоры
Бүгін өте бір сондай керемет қазақтың дәстүрлерінің бірі. бұл көрісу, амал деп айтамын. Бүгін барлық адамдар қыстан аман есен шығып, бір бірімен көрісіп жатыр. Алтын сақаға келіп отырмыз. Педагогтер және оқушылар. Иә бүгін бірге оқушыларымыз келді. Салт дәстүрімізді көрсететін боламыз. Көрсетеді.
Ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскен бала, ұлт үшін еңбек етуге де аянбайды.
Самал Қалиқызы