Шаһарымыздағы әскери техникалар мен қару-жарақтардың жауынгерлік әзірліктері пысықталды. Жоспарлы техникалық байқау 6679 әскери бөлімдерінде өтті.

Жыл сайын өткізілетін техникалық байқаудың негізгі мақсаты – әскери техниканы сапалы күйде дайындап, бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету. Әскери қызметшілер бұл шараға тыңғылықты дайындалған.

Байқауға арнайы мақсаттағы бөлімше техникасы, жеке құрамды тасымалдауға арналған жоғары өтімді көліктер, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған арнайы автокөліктер тартылды.

Талғат Әшірбаев, жүргізуші маман

Бірінші жұмыс машиналарды техникаларды дайындаймыз. Екіншіден ақауларды тексереміз. Соларды бәрін дайындап қойдықө. Ақаулықтарды күрделі болмаса тез жасаймыз, 1-2 сағатта. Егер күрделі болса 1 тәулік ішінде қатарға қоюға міндеттіміз.

Тексеру барысында офицерлер мен жүргізушілердің кәсіби дайындығы да ерекше назарға алынды. Мұндай шаралар Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімдерде жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп отырады.

Салтанат Бауыржанқызы