Павлодар қаласындағы номері 116-шы балабақшада болған шулы іске қатысты сот отырысы басталды. Балабақшадағы жағдай былтыр маусым айында белгілі болған еді.

Істі Павлодар қалалық мамандандырылған ауданаралық ювеналды соты қарауда. Алғашқы отырысқа зардап шеккен 16 баланың өкілдері қатысты. Судья істің мән-жайымен, тараптардың құқықтарымен таныстырған соң прокурор айыптауды жария етті.

Кристина Тунгусова, мемлекеттік айыптаушы

Айыпталушы ҚР қылмыстық Кодексінің 110 бабы, 2-бөлігі, 1-ші және екінші 2-ші тармағы бойынша, яғни, көрiнеу кәмелетке толмаған адамға дәрменсiз күйде екенiн біле тұра және 2 немесе одан да көп адамға ауыр немесе орташа ауыр жарақат келтіріп, азаптау бойынша айыпталады.

Айпыталушы сонымен қатар қылмыстық кодекстің 140-бабы, 2-тармағы, яғни, кәмелет жасына толмаған балалардың тәрбиелеу міндетін дұрыс орындамау бабы бойынша да күдікке ілінген. Ол номері 116 балабақшада 2023 жылдың 13 қаңтарынын бастап жұмыс істеген. Өзі де үш баланың анасы. Бұрын істі болмаған.