Республикалық референдумда облыс тұрғындарының әр дауысы маңызды. Егер сіз дәл сол күні басқа жақта болсаңыз да мүмкіндік қарастырылған. Ол үшін есептен шығару куәлігін алу керек. Куәлік бір елдімекен ішіндегі учаскенің ауысуына байланысты болса берілмейді.

Тұрғындар өз аумақтарындағы сайлау учаскесінің тізімінде бар-жоғаны 27 –ақпаннан бастап біле алады. Қандай да бір өзгеріс болса өздерінің референдум учаскесіне барып жазбаша арыз беру қажет. Ал, референдум күні басқа жақта болса есептен шығару куәлігін алу керек. Оны сенімхат арқылы алуға да болады. Облыстық аумақтық референдум космиссиясы азаматтарға қай жерде жүрсе де дауыс беру мүмкіндігі бар екендігін айтады.