Тондарға арнайы жеңілдік. 2–10 наурыз аралығында қала тұрғындары сырт киімдерді арнайы жеңілдіктермен сатып ала алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жолы сатып алушыларға бірнеше тиімді ұсыныс әзірленген.
Жәрмеңкеде мутон және құндыз тондары, ерлер мен әйелдерге арналған дублёнкалар, сондай-ақ ерлер күртелері ұсынылған. Өлшемдер қатары 44-тен 70-ке дейін. Бөліп төлеу бар. Сатушылардың сөзінше, барлық үлгілер жеңіл әрі жылы, күнделікті киюге ыңғайлы.
Ольга, сатушы-кеңесші
Бізде екі арнайы ұсыныс бар. Біріншісі – ескі тоныңызды әкелсеңіз, жаңа тон сатып алуға 100 мың теңге жеңілдік беріледі. Екіншісі – тонды толық бағасына алған жағдайда, дублёнка сыйлыққа ұсынылады.
Жәрмеңке күн сайын таңғы 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін Жеңіс алаңы, 25-мекенжайында, «Алтын» бизнес орталығында бұрынғы «Аврора» кинотеатрында өтеді.
Дильназ Қуанышбекқызы