Өңірімізде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты кәсіподақ өкілдерімен кездесті. Жиында цифрландыруды дамыту және конституция енгізілген өзгерістер аясында дербес деректерді қорғау мәселесі талқыланды.
Бүгінде цифрлық технологиялар өміріміздің барлық саласына енді. Сондықтан цифрлық үдерістерді заңнамалық тұрғыда нақты реттеу қажеттігі басты назарда. Әсіресе адамға қатысты ақпараттың қорғалуына басымдық беріледі.
Екатерина Смышляева, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты
Конституция жобасындағы ең маңызды жаңалықтардың бірі – дербес деректерді қорғау құқығының енгізілуі. Бұл заң алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілмек. Бұған дейін жеке өмірге қол сұқпаушылық пен құпиялылық туралы нормалар болғанымен, цифрлық орта жеке қарастырылмаған. Ал қазіргі таңда дербес деректерді қорғау мәселесі цифрлық кеңістікте ерекше сипатқа ие. Дербес дерек – адамның жеке болмысының бір бөлігі. Оны қорғау арқылы біз адамның өзін қорғаймыз. Бұл норма алдағы уақытта дербес деректер мен жеке ақпаратты қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге мүмкіндік береді.
Кездесуде дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктеріне ерекше назар аударылды. Қоғам онлайн кеңістікке көшкен кезеңде азаматтардың жеке мәліметтері сенімді қорғалуы тиіс. Жауапкершілік шаралары да заң жүзінде нақты айқындалуы қажет екені айтылды.
Сабина Жолдаспаева