Әлеуметтік желіде Конституцияның жаңа жобасындағы денсаулық пен білім беру саласына қатысты 32, 33 баптар айналасында біраз жаңсақ пікірлер болды. Осы ретте коалиция мүшелері осы баптарды бүге-шүгесіне дейін түсіндіріп берді.

Жергілікті коалиция штабының мүшелері жастармен диалог алаңында кездесті. Жиында Конституцияның жаңа жобасындағы 32, 33 баптарға байланысты сұрақтар талқыланды. Бұл білім беру мен денсаулық сақтау саласына қатысты. Парламент мәжілісінің депутаттары қоғам арасындағы кейбір жаңсақ пікірлерге сене бермеуге шақырды.

Жарқынбек Амантайұлы, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты

Тегін медициналық жіне білім алудан айырылып қаламыз деген пірік болып жатыр. Алғашқы кезде бұл сұрақтар көп қойылатын. Гранттар да сақталады. Гранттар болады. Мәселе сонда ғана.

Мемлекет тарапынан берілетін кепілдіктер еш өзгеріссіз қалатынын халық қалаулылары бірауыздан айтты. ҚР әрбір азаматы міндетті түрде бастапқы және орта білім алуға құқылы екенін ұмытпаған жөн.

Ислам Сұңқар, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты

Кездесудің негізгі мақсаты – Конституциядағы 33 бапқа арналған. Бұл жерде білім беру саласының жүзеге асуы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Азаматтар арасында әртүрлі пікір әкелді. Толыққанды ақысыз болып жүзеге асырылады.

Жалпы жергілікті коалиция мүшелері түсіндіру жұмыстарын Павлодар облысының әр ауылына жеткізді.

Илья Теренченко, өңірлік коалиция төрағасы

Бұл жұмыстардың тоқтағанын білдірмейді. Әлі де ақпараттандыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Апта басында өңірдің біз бармаған шалғайдағы ауылдары бар екені анықталды. бұл көрсеткішті де біз орындадық. 1 наурызға біз барлық алыстағы елдімекендерді араладық.

Конституцияның жаңа жобасына қатысты қорытынды шешімді азаматтар 15 наурызда республикалық референдумда жасайды.

Самал Қалиқызы