Наурыз айының бірі - дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні. Бейбіт күні төнетін қауіп пен қатердің алдын-алу және оқыс жағдайдан аман құтқару азаматтық қорғаныс саласының қызметіне аманатталған. Бүгінде бұл салаға да жаңа техникалар мен жабдықтар жеткізіліп, қызметтік мүмкіндіктері артуда. Атаулы күнге орай төтеншеліктер бұның бәрін арнайы көрмеде көрсетті.
Қазақстандағы кәсіби азаматтық қорғаныс саласының тарихы өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан басталады. Тәуелсіздік алған соң еліміз өзінің дербес азаматтық қорғаныс жүйесін құрды. Содан бері мамандармен қатар, техникалық мүмкіндіктер де артуда. Облыс осы уақытқа дейін қандай техникалық мүмкіндіктерге қол жеткізгендігін осы көрмеден аңғаруға болады. Өрт сөндіру көліктер, қиын жолдарға арналған техникалар, аэроқайықтар. Бұның бәрі оқушыларға, жас ұрпаққа көрсетіліп, таныстырулы бекер емес.
Көрмедегі ерекше техникалардың бірі робот өрт сөндіргі «қалқан». Адам бара алмайтын аумақтарда өртті сөндіру қабілетімен ерекше. Мамандардың айтуынша, ептілігі адамнан кем емес.
Дәрмен Кенжебаев, «Қалқан 7» кәсіпорнының кеңесшісі
Павлодар облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті мен отандық «Қалқан 7» кәсіпорны осы роботталған өрткен қарсы кешенін жасады. Бұл робот адам құрбанын максималды түрде азайта отырып, өрт қаупін сейілтуге мүмкіндік береді. Қазір бұл робот облыстың әр түрлі өрт сөндіру бөлімдерінде сынақтан өтіп жатыр. Жақсы бағасын алуда. Толықтай пайдалануға енгізген соң өзінің жетістігін көрсетеді деп ойлаймын.
Балаларға күрделі, ауыр техникалардан басқа да құралдар көрсетілді. Өрт кезінде, судан құтқаратын, адам өмірде тап болатын өзге де қауіптерден аман сақтау жолындағы қажетті құралдары мен әдістері таныстырылды.
Балалар өмірдегі қауіптерді сейілтудің әліппесін ерте жастан білуі қажет дейді төтеншеліктер. От пен судан, әр түрлі апаттан аман шығудың тәсілдерін де меңгерсе өздеріне де, айнаалсына да үлкен көмек. Алғашқы медициналық көмек көрсету түрлері де көрстеліді. Бұл да адам өміріне аса қажет игі дағды.