Облыс әкімі Асайын Байханов аудан ауылдарын аралау жұмысын бастады. Сапардың негізгі мақсаты – ауылдағы ағайынның көктемгі дала жұмыстарына дайындығын тексеру және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын бағамдау. Осы ретте өңір басшысы кезекті жұмыс сапарымен Железин ауданына барды. Рет ретімен Әйгерім Тоқпанқызы айтады.

Аймақ басшысының сапары әуелі аудан орталығындағы №2 қазандықтың жұмысымен танысудан басталды. Былтыр қыс мезгілінде тұрғындар пәтерлердегі жылудың төмендігіне шағымданған еді. Мамандардың айтуынша, жылу желілерінің 60 пайызы тозған. Сонымен қатар, маусым басында жеткізілген көмірдің сапасы нашар болған.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Айтуған Шайхимов, Железин ауданының әкімі

Неге көмірдің сапасына шағымданып жүрді. Бас кезінде ең бірінші алған фирма, нашар көмір әкелді бас кезінде. Павлодардың фирмасы, Майкөбенің көмірі ғой. Иә, бірақ нашар. Қағаздары бәрі Майкөбе.

Нысанды аралай келе облыс әкімі сәуір айының соңына дейін жылу жүйесіне толық техникалық аудит жүргізіп, кезең-кезеңімен жаңғырту жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұдан кейін ауданның орталық ауруханасына барды. Биыл мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алайда аралау барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Әсіресе еден жабындысының сапасына қатысты сын айтылды.

Облыс әкімі бөлінген қаржының тиімді әрі сапалы игерілуі керектігін қатаң ескертті және анықталған олқылықтарды қысқа мерзімде жоюды тапсырды. Бұдан соң аудан активімен кездесті. Онда Асайын Байханов алдағы маңызды саяси науқанға тоқталып, тұрғындарды ел болашағына бейжай қарамай, белсенді болуға шақырды.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Ел тағдыры, ел болашағы дәл біздің қолымызда. Соған белсенді қатысуға шақырамын. Бірнеше сұрақтар бар шығар. Бұны штаб мүшелері жүргізеді. Барлық білімді, білікті мамандар тартылған бұл жерге. Біздің бекітілген жоспармен жұмыс жүріп жатыр.

2026 жылға ауданның алға қойған жоспары ауқымды. Әлеуметтік-экономикалық дамуды ілгерілету, инфрақұрылымды жаңарту, елді мекендерді абаттандыру және агроөнеркәсіптік кешенді нығайту бағытында кешенді жоспар бекітілген. Бұл бастамаларды аудан әкімі Айтуған Шайхимов таныстырды.

Айтуған Шайхимов, Железин ауданының әкімі

Кап шаруақожалығы 2,5 мың тоннаға арналған көкніс сақтау қоймасын салуды жоспарлап отыр биылғы жылы. 199 гектар суармалы жерді айланымға енгізуді жоспарлап отыр. Суармалы машинасын орнату арқылы. 2026 жылы механикаланған қырмандармен астық қоймаларын салу жоспарланған.

Биыл Железин ауданы бойынша егіс алқабының көлемі 210 мың гектарды құрайды. Оның 142 мың гектары – дәнді және бұршақты дақылдар. Атап айтқанда, бидай – 11 мың, арпа – 14 мың, қарақұмық – 4 800, жүгері – 2 100 гектар. Майлы дақылдар 65 мың гектарға егілсе, оның 52 мың гектарын күнбағыс алады. Инфрақұрылым саласында да ауқымды жоспар бар. Биыл жалпы ұзындығы 5,5 шақырым болатын 7 көшеге орташа жөндеу жүргізіледі. Уәлиханов, Мыңкөл, Петропавловка ауылдарында асфальт төселеді.

Әйгерім Тоқпанқызы