Екі бірдей қуаныш. Бүгін Баянауыл ауданында жаңа спорт кешені мен жанар-жағармай орталығы ашылды. Оған облыс әкімі Асайын Байханов арнайы қатысып іске асырылмақ жоспарлармен танысты.

Bayanaul Arena атты бұл заманауи спорт кешенінің құрылысы 1,5 жылға жалғасқан. Нысанның құрылысын Екібастұздық «Гидропром» ЖШС жүргізді. Жоба аясында халықаралық стандарттарға сай залдар мен бассейн салынды.

Асхат Жаппаров, Баянауыл жас-өспірімдер спорт мектебінің басшысы

Бізде енді Баянауыл жас-өспірімдер мекебінде 15 түрлі спорт түрі бар.Оынң ішінде олимпиадалық және ұлттық спорт түрлері.садақ ату барлығы болады.

Жаңа кешеннің мүмкіндіктері аудан халқына кең көлемде қолжетімді. Мұнда футбол, волейбол, баскетбол, белбеу күресі, қазақша күрес, садақ ату, тоғызқұмалақ, жүзу сынды спорт түрлеріне жағдай жасалған. Кешен құрамындағы төрт жолақты 25 метрлік бассейн де пайдалануға берілді.

Ерсұлтан Мұбарақов, ЖШС «Гидропром» директорының орынбасары

Шарт бойынша бөлінген қаражат. Құрылыс алаңы 5 гектар жерде орналасқан. Спорт кешені заманға сай салынған.

Ашылу рәсімінде облыс әкімі Асайын Байханов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларымен өңірлерде денсаулық сақтау, білім және спорт саласына ерекше көңіл бөлініп жатқанын атап өтті.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Біздің жұмысымыз бос ұранмен жалынды емес, нақты іспен жүзеге асуы тиіс, Бірақ бұл әсем өлке де жаңғыртуды қажет етеді. Біз бұл бағытта барынша күш салып жатырмыз, алда атқаратын ізгі істер көп.

Сондай-ақ облыс әкімі жаңа жанар-жағармай бекетінің ашылу салнатына қатысты. Аудан әкімі де жобаны жүзеге асыруға үлес қосқан азаматтарға ризашылығын білдірді.

Ардақ Кісентаев, Баянауыл ауданының әкімі

Туризм, экономика бизнес мемлекет басшысы ата өтті.Осы орайда біз Асайын байханлвқа алғысымызды білдіреміз.

Pegas автожанармай құю станциясы жанармай құюмен қоса, сауда-саттық нүкте ретінде және арнайы қонақ үй, асхана мен шағын маркет орналастырылған.

Сонымен қатар, бекет 30 адамға жаңа жұмыс орны мүмкіндігін беріп отыр. Туристік аймақта ауданның жол бойы сервисін дамыту бағытында салынған жанармай бекеті көпсалалы қызмет көрсетуге дайын.

Дильназ Куанышбекқызы