«Ертіс әуендері» хоры Кенжекөлде өнер көрсетті
Кенжекөлде ардагерлерден құралған халықтық хор елдімекен тұрғындарына есті әндер шырқап өнер көрсетті. Концерттің мақсаты ардагерлер шығармашылығын насихаттап, ұлттық мәдени мұраны сақтау. Ардагерлердің әндерін әріптесіміз тындап қайтты.
Кеш шымылдығын ашқан «Ертіс әуендері» халықтық ардагерлер хоры көрерменге кең ауқымды музыкалық бағдарлама ұсынды. Ұжым бұған дейін Астана мен Омбы қалаларында өткен байқауларға қатысып, өнерін халықаралық деңгейде танытқан. Бұл жолғы концертте де орындаушылар халық әндері мен әсем әуендерді нақышына келтіріп орындады.
Тамара Дорошенко, «Ертіс әуендері» хорының көркемдік жетекшісі
– Наш хор. Біздің хор 2019 жылы құрылды. Қалалық ардагерлер кеңесінің жаныңнан құрылған еді. 6 жыл уақыт ішінде түрлі шаралар мен байқауларда өнер көрсетіп үлгерді. –.
Хор құрамында 40-тан астам өнерпаз бар. Қатысушылардың орташа жасы – 74-те. Ал ұжымның ең үлкен мүшесі 90 жасқа таяған. Жас ерекшелігіне қарамастан, ардагерлер өнерден қол үзбей, тұрақты дайындық жүргізеді. Олардың сахнадағы белсенділігі мен өнерге деген ынтасы көпшілікке үлгі.
Өнер ұжымы алдағы уақытта репертуарын жаңа шығармалармен толықтырып, концерттік бағдарламаларын кеңейтуді көздеп отыр. Ардагерлер үшін ән айту – бос уақытты тиімді өткізудің ғана емес, өмірге құлшыныс беріп, рухани байланысты нығайтудың да бір жолы.
Байтұрсын Жұмабай