Алғашқы медициналық көмек – денсаулық кепілі
Мемлекет басшысының Жолдауында денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызметтің сапасын арттыру және халыққа қолжетімді көмекті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттағы міндеттерді жүзеге асыруда алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының маңызы зор.
Алғашқы медициналық көмек денсаулық сақтау жүйесінің негізгі буыны. Мамандар тұрғындардың денсаулығын бақылап қана қоймай, аурудың алдын алу, ерте анықтау және емдеу шараларын жүргізеді. Сала өкілдері Президент Жолдауында айтылған басымдықтардың маңызын атап өтті.
Әйгерім Тұрсынова, эксперт-дәрігер
Алғашқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарының жұмысы ол денсаулық сақтау жүйесінде орасан зор рөл атқарады. Себебі әр адам өз жолын осы ұйымға келуден бастайды. Біз пмсп қызметкерлері тек қана аурудың емдеу ғана емес, алдын алу, жоспарлау, көмек көрсету, қолдау көрсету, қауіп фактілерін анықтау, диспансерлік науқастарды бақылау жұмыстарымен айналысамыз. Сол себепті біздің жұмысымызды жоғары бағалап, өз жолдауында президентіміз үлкен баға, мән беріп жатқанына өте қуаныштымыз.
Медицина қызметкерлерінің пікірінше, алғашқы медициналық көмек сапасын арттыру халық денсаулығын нығайтудың маңызды шарты. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жетілдіру, мамандардың кәсіби әлеуетін арттыру және медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету өзекті болып қала береді.
Сабина Жолдаспаева