Негізгі Жаңалықтар Заң және тәртіп: құқықбұзушылықсыз мектеп

Заң және тәртіп: құқықбұзушылықсыз мектеп

Ақсу қаласында «Заң және тәртіп» аясында ауқымды шара өтті. Оған 25 мектеп, 200-ге жуық оқушы қатысты. Бәрінде бір мақсат – мектептегі құқықбұзушылықтың алдын алу. Мектеп оқушылары бұны қалай жүзеге асыруда? Тілші сюжетінде. 


Ақсу қаласында «Құқықбұзушылықсыз мектеп» жобасы осымен үшінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Осы жолы 200-ге жуық оқушы қатысты.

Алмагүл Ахметова, Ақсу қаласы білім беру бөлімінің басшысы

«Қаламызда ауқымды іс-шара өтуде. Ол Ақсу қаласында жүзеге асырылып жатқан «Құқықбұзушылықсыз мектеп» қалалық жобасы аясында ұйымдастырылды. Бүгінгі шараға қала және ауыл мектептерін қоса алғанда, 25 мектеп қатысты. Жалпы, 200-ге жуық оқушы жиналды. Құқықбұзушылықсыз мектеп» жобасының басты мақсаты – оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және оның деңгейін төмендету. Бұл – ата-аналар, оқушылар мен мұғалімдерді ортақ мақсатқа жұмылдыратын қалалық жоба. Бүгін байқау қорытындысы бойынша бес мектеп бағалы сыйлықтармен және арнайы жүлделермен марапатталды. Жүлделі бірінші, екінші, үшінші орындар және Гран-при табысталды».

Жастар арасында әлім жеттік, ойынқұмарлық, сталкинг соңғы кездері белең алып келеді. Осы жағдайлардың алдын алу мақсатында ауқымды ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл шаралар мектеп жасындағы оқушылар үшін аса маңызды. Себебі дәл осы жастар жоғарыда айтқан жағдайлардың жиі құрбаны болып жатады. 

Сонымен, шара мектеп көлемінде мұғалім, ата ана мен бала үштігі арасында ұйымдастырылды. Әр білім мекемесі әртүрлі шара өткізді. Нәтижесінде Алтынсарин атындағы қазақ мектебі үздік болып шықты. 

Жоба алдағы уақытта да жалғасын тапппақ. 

Самал Қалиқызы 



Бөлісу