Павлодарда ауыл шаруашылығы еңбеккерлері марапатталды
Павлодарда ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері марапатталды. Бірқатар шаруалар мемлекеттік марапаттарға ие болды. Салтанатты шараға облыс әкімі Асайын Байханов қатысты.
Аймақ басшысына алдымен салада қолданылып жүрген техникалар таныстырылды. Ауыл шаруашылығы дамуы үшін қажетті техникаларға қол жетімді болуы керек. Бұл мақсатта облыс бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған. Бұдан бөлек әр аудан өз өнімдерін де көрме ретінде көпшілікке ұсынды. Қожалықтар жетістіктерін көрсетіп, алдағы жоспарларымен бөлсті.
Бұдан соң шараның негізгі салтанатты бөлімі басталды. Жиында әуелі облыс әкімі сөз алып, шаруаларды құттықтады. Облыстың ауыл шаруашылығы саласынджағы жетістікері мен жоспарларына тоқталды. Өңірде алдағы үш жылда жалпы құны 150 миллиард теңгеге жуықтайтын 32 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Олардың қатарында құс фабрикасын кеңейту, ет өңдеу кешенін салу және жылыжай өндірісін дамыту бастамалары бар. Павлодар облысы тары, қарақұмық, картоп және сәбіз өндіруден республикада жетекші орын алады. Бұған қоса, мал өсіру, асыл тұқымды шаруашылықтарды дамыту, су үнемдеу технологияларын енгізу және техника паркін жаңарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Облыс әкімінің жылы лебізінен соң марапттау шарасы басталды. «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» атағы, «Құрмет», III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендері табысталды. Сонымен қатар, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісі де берілді.
Шара соңы мееркелік концерке жалғасты.