«Шұғаның белгісі» шығармасының ең үздік оқырманы анықталды
«Парасат» клубы ұйымдастырған байқау кезекті үздік оқырмандарды анықтады. Бұл жолы оқырмандар Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» шығармасын талқылады. Оқып қана қоймай, терең пайым, толғамды пікір білдіргендер марапатқа ие болды.
«Шұғаның белгісі» — Бейімбет Майлиннің 1914–1915 жылдары жазған классикалық повесі. Шығарма бай қызы Шұға мен кедей мұғалім Әбдірахманның тағдыр тәлкегіне түскен шынайы махаббаты мен сол замандағы әлеуметтік теңсіздікті баяндайды.
Оразбек Саяхат, «Жебе» қоғамдық бірлестігің төрағасы
Осы жолы Бейімбет Майлиннің «Шұағынң белгісі» туындысын талқылап отырмыз. Клуб мүшелері өзедір осы шығарманы таңдады. Осы шығарманы өздері дауыс беру, жеребе тарту арқылы таңдады.
Клуб екі апта сайын отырыс өткізіп, оқыған кітапты талқылайды. Жай талқыламайды, үздік оқырманға ақшалай сый табыстайды. Жобаның негізі мақсаты кітап оқу мәдениетін насихаттау.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша клубтың тұрақты қатысушысы Жанар Серікова жеңімпаз атанды. Оған 50 мың теңгелік сертификат табысталды. Келесі отырысқа Дулат Исабековтың «Гауһартас» повесі таңдалды.
Самал Қалиқызы