Алматы қаласында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған дәстүрлі республикалық «Айқанат» олимпиадасы өз мәресіне жетті. Республиканың түкпір-түкпірінен жиналған мыңдаған дарынды оқушы білім бәйгесінде бағын сынады. Солардың арасынан Павлодар облысы, Ертіс ауданындағы қарапайым ауыл мектептерінің оқушылары ерекше көзге түсіп, үздіктер қатарынан табылды. Енді олар – IQanat High School of Burabay мектебінің болашақ шәкірттері.

Олимпиада бірнеше күрделі кезеңдерден тұрды. 13-20 маусым аралығында өткен білім бәйгесіне 1000 оқушы қатысқан болса, олардың тек 125-і ғана мәреге жетіп, Бурабай төріндегі заманауи мектепке жолдама алды. Бұл — тек білімге деген құштарлық пен тынымсыз дайындықтың арқасында мүмкін болған жетістік. №4 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Әнел Дүсюмбаева олимпиада жайлы алғаш рет ұстаздарынан естіген. Сол сәттен бастап бойында үміт оты тұтанып, өзіне мақсат қойған.

Әнел Дүйсенбаева, №4 Ертіс ЖОББ мектебінің 8–сынып оқушысы

Бұл олимпиада 5 пәннен тұрады. Ол оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, логикалық ойлау,ағылшын тілі және бір таңдау пәні.Мен Тарих пәнін таңдадым.Балық пәннен толықтай дайындыққа кірістім. 5 сыныптан бері қызығушылық бар,себебі өз елімнің, бабаларымның тарихын білу мен үшін үлкен мақтаныш.

Әнелдің сөзінен байқалатыны – бұл жеңіс кездейсоқ емес. Ол күн сайын дайындалып, өзін білімнің шыңына жетелеген. Өз болашағына сенімді оқушы – ел ертеңі.Сол сияқты Панфилов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Диана Кабдулбариева да олимпиадаға жолын табуы бір сәттік таңданыстан басталғанын айтады.

Диана Қабдұлбариева, Панфилов атындағы ЖОББ мектебінің 8 - сынып оқушысы

Мен айқанат олимпиадасы жайлы аудандық іс-шара білдім.Сол іс-шарада бізге айқанат мектебінің түлегін көрсетті,және мектеп жайлы толық ақпаратты білдім. Содан бастап мен де олимпиадаға қатыссам деп ойладым. Бұл олимпиадаға дайындалған да мен көп олимпиадалардан бас тарттым.Тек Айқанат олимпиадасына дайындалдым. Мен математикаға қатты қызықпаймын бірақ барлық пәннін ішінде осы пән мен үшін ең оңай болды.

Айқанат мектебі – Бурабайдың баурайында орналасқан, заманауи америкалық стильде салынған бірегей білім ордасы. Мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен келген 10-11 сынып оқушылары тегін білім алады. Қазіргі таңда мектепке 9-сынып оқушылары арасынан тек 50 бала қабылданады, қалған оқушылар 10-сыныптан бастап оқуға кіріседі.

Дильназ Куанышбекқызы