Павлодарлықтар облыстық полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың қабылдауына қылмыстық істердің тергелуі, интернет алаяқтық, отбасылық жанжалдар сұрағымен келді. Бірқатар мәселелер сол орында шешілді.

Апалы-сіңлі Надежда Снигир мен Валентина Васильева департамент бастығы Василий Склярдың қабылдауына 7 ай бойы шешіле алмай келе жатқан мәселесімен жүгінді. 70 жастағы ағасы өткен жылы үшбөлмелі үйді сатып, алаяқтарға жем болып қалған. Яғни 18 млн теңгені баз біреулерге беріп жіберіпті.

Надежда Снигир, Павлодар қаласының тұрғыны

Анамыз 92 жаста, оның үш бөлмелі пәтері болды. Біз анамызға бір нәрсе болса пәтердің жағдайы не болады деп, бәрін ағамызға аударып бердік. Яғни үй иесі бір адам болсын деп. Сөйтсек, біз аударған бетте оған алаяқтар шығыпты. Халыққа қызмет көрсету орталығына барып ағамыз үйді аударып беріпті. Яғни қандай күштер көмектескенін білмейміз. Енді анам мен ағамды жылыту маусымы аяқталғаннан кейін үйден шығуға мәжбүрлеп жатыр. Тіпті полицейлер келіп айыппұл салып кетті. Сотта тіпті кей жағдайлар кеңінен қарастырылмады.

Сонымен әдеттегідей схемамен алаяқтар үйді ақсақалға сатқызып, ақшасын курьер арқылы алғызған. Ал, апалы сіңлі арызданушылар істі жүргізген полицейлерге көңілі толмай отыр.

Василий Скляр, Павлодар облысы ПД бастығы

Қазір енді екі сот өтті. Учаскелік инспекторларға айыппұл салмауға, үйден шығармауға тапсырма береміз. Кері байланыс болады.

Осы ретте Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың қабылдауына 6-7 адам келді. Сұрақтар әртүрлі.

Асылбек Қайроллаев, Павлодар қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары

Бүгін біздің басқарма базасында департамент бастығы азаматтарды қабылдап жатыр. Павлодар қаласының тұрғындары тергеліп жатқан істер бойынша жүгінді. Қосымша тергеу жұмыстары үшін тапсырма берілді. Сондай-ақ, отбасылық тұрмыстық жанжалдар, көпқабатты үйдегі сұрақтар және интернет алаяқтық бойынша өтініштер болды.

Айта кетейік, полиция департаментінің бастығы өткен аптада Ақсу, Екібастұз қаласының тұрғындарымен кездесті. Бұл қабылдаулар аудандар да жалғасады.

Самал Қалиқызы