Павлодарда кәсіпті иемдену үшін әйелін суға батырған ер адам сотталды. Ол жұбайын қайықтан құлатып, судың астында ұстап, шығуына мүмкіндік бермеген.
Жұбайлар арасында мүлікке қатысты дау бірнеше жыл бойы жалғасып келген. Құны шамамен 125 миллион теңге тұратын кәсіпорын әйелдің атына тіркелген және ажырасу кезінде ортақ мүлік ретінде бөлінбей, оның иелігінде қалуы тиіс болған. Тергеу болжамы бойынша, ер адамды қылмыс жасауға ажырасу барысында кәсіптен айырылып қалу қаупі итермелеген.
Жоспарын жүзеге асыру үшін Павлодар тұрғыны әйелімен бірге демалуға шығып, Ақсу қаласына қарай өзен ағысы бойымен жүзген. Әйел қайық шетінде болған кезде, ер адам оны суға құлатқан.
Агидель Ибраева, Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы
«Сот К-ны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлім 8-тармағы бойынша кінәлі деп таныды және орта қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.»