Павлодардың 16 көшесінде ағаштарды кесу және қалыпқа келтіру жұмыстары басталды. Аталмыш шаралар биолог мамандардың жетекшілігімен атқарылып жатыр.
Шаһарда абаттандыру шаралары қарқынды. Қураған ағаштарды кесу, оларға форма беріп, қалыпқа келтіру жұмыстары жүзеге асып жатыр.
Мақпал Қаржаубай, Павлодар қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы
Коммуналдық қызметтер ағаштарды қалыпқа келтіру мақсатында кесу жұмыстарын бастады. Аталғаш жұмыстар 16 көшеде жүргізіледі. Қураған бұтақтар алынып тасталуда. Апатты ағаштарды кесу бойынша жеке бригада құрылды.
Ағаштарды кесуге өтінішті 109 қызметі арқылы және Павлодар қалалық әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында қалдыруға болады.
Самал Қалиқызы