Павлодар облысының шаруалары көктемгі егіс науқанына дайындалуда. Биылғы егістік алқабы 1 млн 703 мың гектар. Астық және майлы дақылдар алоқабын кеңейту есебінен жалпы алқап былтырғымен салыстырғанда 43 мың гектарға артық.
Биылғы жылғы дәнді лақылдар алқабы 849 мың гектар, майлы дақылдар 550 мың гектар, жем-шөп дақылдары 264 мың гектар, картоп 30,7 мың гектар, көкеніс және бақша дақылдары 9,3 мың гектар.
Шаруаларға қолдау да аз емес. 9 млрд теңгеден астам соманың субсидиялық көмегі көрсетіледі.
Сондай-ақ «Бәйтерек» ұлттық холдингі мен екнші деңгейді банктер арқылы да несиелер берілген. Өзге де аграрлық қаржы ұйымдары да несиелеуге ат салысуда. Облыста егіс науқаны әр ауданнның оңтайлы мерзіміне орай 4-сәуір мен 5-мамыр аралығында басталады деп жоспарланған.