Екібастұз ауылдық аймағындағы Шідерті кенті маңында ірі жел электр стансасының құрылысы басталды. Бұл жаңартылған энергия көздері саласы бойынша жасалып жатқан ел бойынша алғашқы ауқымды жоба. Жоба құрылысына салтанатты түрде уақыт капсуласын салу рәсіміне біздің түсірілім топ та куә болып қайтты.

Жоба жаңартылған энергия көзін дамытуды көздейді. Ол үшін станса заманауи энергия жинақтау жүйесімен жабдықталады. Оның қуаты 300 мВТ. Соның арқасында өндірілетін энергия таза, экологиялық қауіпсіз болмақ.

Құрылыс Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы энергия саласындағы серіктестік негізінде басталды. Құрылыс кезең-кезеңімен іске асады. 2029 жылы пайдалануға беріледің деп жоспарланған.

Станса іске қосылғаннан кейін жылына 3,4 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндіреді. Бұл елдің энергетикалық теңгерімін айтарлықтай еңсеруге елеулі үлес қосады.

Құрылыс орыны ретінде Екібастұз өңірі жай таңдалған жоқ. Ежеледен бері қуаттың көзі болған мекен.

Қазір энегрияның, оның ішінде экологиялық иаза энергияның маңызы артқан уақыт. Жоба бұл тұрғыда да аса маңызға ие. Осы жобаның арқасында алдын ала есепке сәйкес, парниктік газ шығарындылары жыл сайын 2 млн тоннаға дейін азаяды.