«Заң және тәртіп» медиажоспарын жүзеге асыру аясында Павлодар «про лайф: қауіпсіздік аумағы» атты облыстық форум өтті. Онда полицейлер мен аналар кеңесі жастарды кесапаты мол жолдан алып қылу мақсатында бірікті. Негізгі мақсаты – есірткінің алдын алу.

Сандарды сөйлетсек, 2025 жылы Павлодар облысы аумағында 2 мыңға жуық есірткіге қатысты контент бұғатталды. Ал, бірінші тоқсанда 521 контент бұғаттауға ұсынылды. Есірткі заттарын жарнамалау қылмыстық кодекспен қудаланады. Ең өкініштісі, соңғы жылдары есірткі қылмысына қатыстылар жасарып келеді екен.

Ирина Темірғалиева, Павлодар облысы Пд есірткімен күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Павлодар облысы аумағында 71 есірткі қылмысы анықталды. оның 33-і ауыр және аса ауыр. Заңсыз айналымнан 72 келі түрлі тыйым салынған есірткі заттарды алынды. Он каннабис және синтетикалық есірткілер.

Жоғарыда айтқандай, тыйым салынған заттардың басым бөлігі әлеуметтік ресурс, телеграм арқылы сатылады. Осы жерде жастарға жоғары жалақы мен жеңіл жұмыс кестесін ұсынып, баурап жатады. Осылайша оңай ақшаға қызыққандар жиі алданып жатады. Бұл ретте аналар кеңесі, полицейлер бірігіп жастар үшін форум өткізді.

Бақытжамал Максилова, «Аналар кеңесі» ПОФ төрағасы

Бүгінгі біздің шарамыз «Мәдениетті ана» жобасы аясында бес кеселмен күресу. Соның бір бағыты есірткіге қарсы. Балаларға түсіндіру. 45 мектеппен жұмыс істейміз. Сондықтан біз мектептерге ризамын. Біздің мақсатымыз балаларды есірткіден аулақ ұстау.

Бұл бағытта аналар кеңесі ата аналармен, оқушылармен жиі кездесіп, осы тақырыпта алдын алу шараларды өткізіп тұрады. Онда нақты оқиғаларға негізделген фактілер ұсынылады.

Самал Қалиқызы