Павлодар облысында қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиында Ертіс өңіріндегі балық шаруашылығын дамытуға қатысты өзекті мәселелер қаралды. Толығырақ келесі сюжетте.

Кездесу барысында қатысушылар саладағы қазіргі жағдайды, негізгі мәселелер мен даму мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ балық өсірумен айналысатын шаруашылықтарды субсидиялау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Бұған дейін басқарма тарапынан мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану ұсынылған болатын.

Марина Регатунова, Павлодар облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі

Басқарма балық шаруашылықтарын субсидиялаудың барлық мүмкіндігін пайдалануды ұсынды. Әсіресе, заманауи технологияларды енгізе отырып, материалдық-техникалық базаны күшейтуге баса назар аудару қажет. Бұл бағыттағы жұмыстардың орындалуы маңызды.

Жасұлан Жұмашев, Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы

Қазіргі таңда басқарма тарапынан инвестициялық салымдарды субсидиялау ережелері аясында қолдау көрсетілуде. Әрбір балық шаруашылығы түріне арналған арнайы субсидиялау паспорттары бар. Онда шаруашылыққа қажетті барлық материалдық-техникалық құралдар толық көрсетілген. Биыл субсидия көлемі ұлғайтылды.

Жиында көтерілген негізгі бағыттардың бірі – өңірдегі балық шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын нығайту. Бұл – жаңа жабдықтар сатып алу, өндіріс қуатын жаңарту және тауарлы балық өсіруге қолайлы жағдай жасау. Мамандардың айтуынша, қабылданған ұсыныстар саланың жүйелі дамуына серпін беріп, өңір экономикасындағы рөлін арттыруға ықпал етеді.

Сабина Жолдаспаева