Қаныш Сәтпаев атындағы канал бірнеше қала мен ірі кәсіпорынды сумен қамтып отырған бірде бір стратегиялық нысан. 2023 жылы болған апаттан кейін каналдың станцияларын жөндеу мықтап қолға алынды. Арнайы жол картасы да әзірленді. Тілшіміз айтсын.
Бүгін елімізде су шаруашылығы қызметкерлерінің күні. Сондықтан біздің аймақта жұмыс сапарымен жүрген халық қалаулылары Қаныш Сәтпаев атындағы каналдың сорғы станциясының қайта жөндеу жұмыстарымен танысуға барды. Стратегиялық маңызды нысанды қалыпқа келтіру бойынша 2024 жылы жол картасы әзірленді. Соған сәйкес каналдың станцияларында күрделі өзгерістер орын алып отыр.
Нұржан Әшімбетов, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты
Осы 2023 жылы осы насосный 2-де үлкен авария болды. Бәрі ескіргенін көрсетті. Депутаттар өте көп көтердік. Жағдайын түзету үшін жол картасы бекітілді. Биыл 12 млрд теңге бөлінеді. Одан кейін агрегаттар ауыстыру.
Соңғы жылдары елімізде су шаруашылығына ерекше көңіл бөлініп келеді. Депутаттардың заңдарға тиісті өзгерту енгізу жұмыстарының нәтижесінде су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Қазір Сәтпаев атындағы каналдың Павлодар облыстық филиалында еңбек етіп жүрген қызметкерлерінің жалақысы кем дегенде 400 мың теңгені құрайды.
Жарқынбек Амантайұлы, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты
Мында бүкіл Қазақстанды қамтамасыз ететін Грэс, Кармет, суармалы ауыл шаруашылығымен айналысатын канал бойынша орналасқан. Қазірдің өзінде алға іргерілеу бар. Каналдың суын пайдалануға мүмкідік алып отыр. Оның мүмкіндіктерін сақтау өте өзекті мәселе.
Қаныш Сәтпаев каналы қазір Екібастұз, Ақсу, Қарағанды, Теміртау қалаларын сумен қамтып отырған нысан. Каналдың бойында қанша кәсіпорын мен суармалы аумақ та бар. Нысанның жалпы ұзындығы — 458 км. Сондықтан оның мүмкіндіктері мол.
Максим Эммирих, Қ.Сәтпаев атындағы каналдың бас инженері
Қазіргі таңда Сәтпаев каналын реконстуркциялау бойынша жол картасы әзірленді. Ол министрілкпен қолдау тапты. Оның құны 83 млрд теңгені құрайды. Оған энергетика, 19 сорғы қондырғысы ауыстырылады. Жаңа транформаторлар орнатылады. Автопарк жаңарады. Лизинг бойынша 57 бірлік арнайы техника алынады. Техника каналды тазалап, дамбаны көтеруге қажет.
Бұл жұмыстар каналды 2028 жылға дейін кешенді реконструкциялаудың Жол картасына сәйкес жүргізіліп жатыр. Жалпы каналды қалыпқа келтіру үшін бюджеттен жалпы сомасы 83 млрд теңге қажет. Биылға 10 млдр теңгеден астам қаражат бөлінді. Алдағы уақытта осы нысаннан Астанаға канал тарту жоспарда, бұл Елордадағы су тапшылығын шешуге көмектеспек.
Самал Қалиқызы