Железин ауданында туристік слет өтті. Оған аудан жастарынан құрылған командалар қатысып, әр түрлі спорттық бағдарламалар бойынша сайысқа түсті. Жиналғандарға ұлттық тағам әзірлеу бойынша шеберлік сағаты өтті. Слеттің ашылу салтанатынан тілшіміз тарқатсын.
Туристік слет Башмачное ауылы маңында Ертіс жағасындағы көрікті орындардың бірінде ұйымдастырылды. Бұнда жастарға арналып шеберлік сағат өтуде. Осылайша жазғы уақыт бос өтпей пайдалы кеңестер мен тәжірибелерге толы болмақ. Бұндағы үйренген өнер ертеңге өмірге қажет. Ал, шараның ащылу салтанатына аудан әкімдігінің өкілдері қатысты.
Бұл Железин жастары үшін дәстүрлі шара. Биыл 12-рет ұйымдастырылуда. Тек, карантиндік кезеңде ғана өтпей қалған. Бірнеше жылдан бері қайта жаңғырып, жастар қуана бас қосуда.
Жаз - оқушылар мен студенттер үшін демалыс уақыты. Сонымен қатар жаңа достар табатын, өз салаларын әрмен қарай дамытуға мүмкіндік мол кезең. Қатысушылар осы тұрғыда шараның маңызы зор екендігін айтады.
Дәстүрлі шара жыл сайын жалғасып, ауыл кешін көңілді етіп, көрікті орындардың насихатын арттырмақ.
Жанасыл Серікбол