21 шілде күні күшті дауыл Успен ауданындағы Қоңырөзек ауылын әбігерге салды. Табиғат апаты салдарынан ондаған үйдің шатыры ұшып, электр желілері зақымданып, тұрғындар жарықсыз қалды. Қазір зардаптарды жою жұмыстары қалай жүріп жатыр? Тұрғындарға қандай көмек көрсетіледі? Тілшіміз баяндайды


Бұл Успен ауданына қарасты Қоңырөзек ауылының бүгінгі көрінісі. 21-ші шілде күні бар жоғы бірнеше минут ішінде елдімекен аспанын қара түнек басып, қатты дауыл басталып кетті деп еске алып отыр. 

Лидия Данилюк, Қоңырөзек ауылының тұрғыны

Мен 21 күні болған қатты дауылды қалай басқаша айту керектігін де білмеймін. Қорықтық. Түк көрінбеді. Қап қара болып кетті айналаның бәрі. Ешқашан мұндай болмап еді. Бірақ жергілікті әкімдік өкілдері жанымыздан бірден табылды. 

Қатты дауылға мына үйлердің төбесі төтеп бере алмаған көрінеді. Адамдардың жылдар бойы жөндеп, қалыпқа келтірген баспаналары бір-ақ сәтте шатырсыз қалды. 

Тамара Сатыбаева, Қоңырөзек ауылының тұрғыны

басында түсінбедік.Өзіміз оны видеоға түсіріп жүрдік. Кейін қатты қорқып, үйге кіре бастадық. Үйдің ішінде жер сілкінісі болып жатқандай көрінді. Болғаннан кейін далаға шықсақ , не жыларымды не күлерімді білмедім. Көшемізде бағаналар, ағаштар құлап, сымдар жерде жатты. Бірақ салдарын жергілікті әкімдік ұйымшылдықпен қалыпқа келтіріп жатыр. Кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары келіп көмектесіп, жағдайымызды сұрады. Әкім келіп жағдайымызды сұрап, көмектесетіні айтты. 

Елдімекенде төтенше жағдай жарияланбаса да, табиғи апаттың келтірген залалын материалдық өлшемнен бұрын, көзбен көруге ауыр. Үйлердің бірінің шатыры ұшып, бірінің үй жайларының қабырғалары құлаған. Ауылдық округ әкімдігінің мәліметінше, дауыл 35 тұрғын үйдің шатырын зақымдап, электр бағаналарын құлатып, елдімекенді жарықсыз қалдырған. 

Олеся Плевако, Қоңырөзек ауылының тұрғыны

Мында негізі әкем тұрады. Сол бізге хабарластыБізде міне шатырымыз құлады. Үйдің қабырғалары сөгіле бастапты. Мына жүрген азаматтар әкімдіктен келіп көмектесіп жатқандар. Кеше келіп мемлекеттік қолдау болатынын да айтты. Жарығымыз қосылды. Әкімдік бірден жанымыздан табылды. Көмектесіп жатыр, сұрап жатыр. 

Ауыл азаматтарын билік өкілдері назарсыз қалдырмады. Коммуналдық қызметшілер электр желісін толық қалпына келтірді. Бірақ тұрғындар табиғат апатының салдарын әлі де жоюда. Көптеген аулаларда әлі күнге дейін ұшқан шатыр бөлшектері мен құрылыс материалдары жатыр. Бірі үйін өз күшімен қалпына келтірсе, енді біріне туған-туыстары мен көршілері көмектесуде.  

Айтолқын Қайырова, Қоңырөзек ауылдық округінің әкімі 

Бірінші кезекте демеушілер есебінен шатырлары толығымен құлаған үйлерге көмек көрсетіледі. ал, айтарлықтай шығын келмеген үй тұрғындарына 100 АЕК көдемінде көмек көрсетіледі. Елдімекен тұрғындарына жан жақсы көмек көрсетіледі. Байланыс пен су сол күні қалыпқа келтірілді. Ал, электрэнергия екінші күні.   

Қазір үйлерде қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазір негізгі міндет – қалпына келтіру жұмыстарын мүмкіндігінше қысқа мерзімде аяқтап, тұрғындардың қалыпты өміріне қайта оралуына жағдай жасау. Естеріңізге салайық, 21 шілде күні Қоңырөзек ауылынла қатты дауыл болды. Елдімекен тұрғындарына келтіріген шығын көлемі 25 млн теңгеден асады деп есептеліп отыр. 

Самал Қалиқызы