Елімізде биылдан бастап «Құрметті донор» марапаты тағайындалады. Бұл ел азаматтарына, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға өтеусіз негізде донорлық жасағаны үшін беріледі. Өңірде осы награда алуға 20-дан астам донор үміттеніп отыр. 

Павлодар облыстық қан орталығы өңірдегі 20 стационарды қан компоненттерімен қамтамасыз етіп отыр. Жақыны мен танысына керек деп, күнде ондаған адам қан тапсырады. Ал, жай келіп өтеусіз донор болып жүргендер қаншама. 

Данияр Күлімбаев, донор

2002 жылы қан орталығына келіп, осы жерге қадам басып, досымның мұқтаж адамға көмектесу керек еді. жылына 3-4 рет тапсырамыз. алдымен өзімнің зауытта істеймін, демалыс береді. Ең басты мақсатым – мұқтаж адамдарға көмектесу, қол ұшымды тигізсем. 

Қан тапсыру – соншалықты қиын манипуляция емес. Жүрек қалауымен адамның өмірін сақтап қаласыз, одан бөлек өзіңіздің ағзаңызды тазартып, өз өміріңізді ұзартасыз дейді донорлар.  

Данияр Күлімбаев, донор

84 рет тапсырдым. оның ішінде 16 рет тромбоцит. Бірінші оң тобым. Керек адамдарға бұйырса, өзім дән риза боламын. ++Өзім келемін. Екі ай санап отырамын. Уақыт келсе келіп отырамын. Тромбоцитқа шақырса қуана қуана келемін. Өзімді жақсы сезінемін. 43 жаста деп өзімді айта алмаймын. Құдайға шүкір. 

Павлодар облыстық қан орталығы еліміздегі қан орталықтары ішінде аккредитациядан сәтті өтіп, жоғары бағаға ие болған нысан. Облыстық қан орталығы донорларды тарту бойынша да жақсы көрсеткішке ие болып отыр. Өткен жылы 2316 адам донор болса, биыл оның саны 0,2 пайызға артыпты. 

Сонымен қатар, биылдан бастап елімізде «Құрметті донор» марапаты тағайындалды. Құрмет белгісінің алғашқы иегерлері бекітілген талаптарға толық сәйкес келетін 481 тұрақты донор болады.

Ал, Павлодар облысынан «Құрметті донор» марапатын алуға 26 үміткер ниет білдіріпті.  


Самал Қалиқызы