Облыста судағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында төтенше жағдайлар департаменті кезекті профилактикалық рейд ұйымдастырды. Мамандар су айдындарында қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеріп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 


Жыл басынан бері өңірде судағы қауіпсіздікке қатысты 1641 рейдтік іс-шара өткізілген. Тексеру барысында қауіпсіздік талаптарын бұзған 253 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың басым бөлігі шомылу кезінде белгіленген ережелерді сақтамаған. Сондай-ақ, шағын кемелерді пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзған азаматтарға да заңға сәйкес әкімшілік шара қолданылған.

Тілекжан Галямов, Павлодар облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы

1 шілдеден бастап көлік министрлігінен төтенше жағдай министрлігіне осы шағын кемелерді бақылау құзыреті бізге ауысып отыр. Бүгінгі күні осы шағын кемелерді мас күйінде басқарғаны үшін рейд барысында 3 жүргізуші ұсталды. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 358 бабы бойынша. Одан басқа, шағын кемелерді басқаратын жүргізушілердің жүргізуші куәлігі жоқ немесе құтқару жилетін кимеген. Шағын кемелерді басқарған кезде қауіпсіз шараларды сақтамағаны үшін 8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Мұндай профилактикалық жұмыстар шомылу маусымы аяқталғанға дейін тұрақты түрде жалғасады. Мамандар тұрғындарды тек рұқсат етілген орындарда шомылып, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Ал шағын кемелердің қозғалысын бақылау және олардың қауіпсіз пайдаланылуын қадағалау жұмыстары су айдындары мұз қатқанға дейін жүргізілмек.


Сабина Жолдаспаева