Мемлекет басшысының көлеңкелі экономиканы азайту және ұлт денсаулығын қорғауға бағытталған тапсырмаларын орындау аясында Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті облыстық мәслихат депутаттарымен бірлесіп, маңызды кездесу ұйымдастырды. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Басқосуда департамент басшысы бюджет қаражатын жымқыру, салықтан жалтару, жалған шот-фактуралар мен қаржы пирамидаларына қатысты қылмыстар бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Соңғы кезеңде 24 қылмыстық іс бойынша мемлекетке 500 млн теңге өтеліп, жалған кәсіпкерлік пен алаяқтықтан келген 6,4 млрд теңгенің 3,1 млрд-ы азаматтарға қайтарылған. Заңсыз айналымнан 50 мыңнан астам контрафакт алкоголь мен 155 мың вейп тәркіленіп, 5 қаржы пирамидасы жойылды. Осы бағытта мәслихат депутаттары мен департамент бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Ғалиасқар Қасымов, Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп -тексеру департаменті басшысының орынбасары

Іс шараның мақсаты көлеңкелі экономикамен күресу, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, азаматтардың еңбек және мүліктік құқықтарын қорғау сондай-ақ ашықтық, заңдылық қағидаларын ілгерлету сияқты негізгі міндеттерді шешу үшін барлық мониторинг органдары мен билік арасында тұрақты әріптестік құру халыққа алаяқтық және дропперлердің құрбаны болмағаны және қаржы пирамидасын желілік маркетингпен басқа жобаларды қалай жаратыландығы мәселе өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша департаментпен және облыстық мәслихат депутаттарымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 00:56

Депутаттар халыққа экономикалық қауіпсіздік пен қаржылық сауаттылық туралы түсіндіру жұмыстарын бірге жүргізуге келісті. Сонымен қатар, тұрғындардың құқықтарын қорғау үшін департаментпен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін айтты.

Қобыланбек Қожин, Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы

Тұрғындарымыздың қаржылық сауаттылығын арттыру алаяқтық, финансовая пирамида олар түрлі тәсілдерді пайдаланып біздің халқымызды алдау жағынан басылмай жатыр. Кездесуде департамент қандай жұмыс атқарып жатыр бізде сұрақтарымызды қоямыз. Департамент өкілімен бірге жұмыс істейміз деген ой бар.

Шара соңында өңірлік департамент пен облыстық мәслихат арасында заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған меморандумға қол қойылды. Құжат көлеңкелі экономикамен күрестегі бірлескен жұмыстың негізі болмақ.

Әйгерім Тоқпанқызы