Қазақстанда цифрландырумен қатар киберқылмыстың да артып келеді. Алаяқтар күн сайын жаңа арбау тәсілдерін ойлап тауып, азаматтарды миллиондаған қаражатқа сан соқтырды. Биыл облыс тұрғындары 3 миллиард теңгеден астам ақшасынан айырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 миллиард теңгеге көп.
Алаяқтардың негізгі әдістеріне мессенджерлерді бұзу, басшылардың жалған аккаунттарын жасау, мемлекеттік немесе жеке ұйым атынан қоңырау шалу жатады. Сондай-ақ, жеке деректерді алу, әлеуметтік желілер мен хабарландыру сайттары арқылы алдау да жиілеген. Инвестициялық алаяқтық пен жалған платформалар арқылы ақша тарту да кең таралған.
Сүйіндік Қайырбаев, Павлодар облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі
Ватсап желісін бұзу арқылы алаяқтық жасалған. Олар түрлі ссылкалар жіберіп, маған дауыс бер деген сайттар ашылады. Ол жерге азаматтар өткеннен кейін, смс кодты енгізуді сұрайды. Одан кейін алаяқтар ватсап желісін бұзып, оның туыстарына, жақындарына, достарына ақшалай қаражатты қарызға сұрайды. Сөйтіп олар алданады.
Құқық қорғау органдарының дерегінше, тіркелген фактілер саны артқан. Өткен жылы мың жағдай анықталса, биыл олардың саны 1500-ден асқан. Ең ауқымды кибершабуыл кезінде бір азамат 90 миллион теңгесінен айырылды. Көбіне қылмыскерлер шетелден әрекет етеді. Ал ұрланған қаражатты Қазақстан аумағындағы «дропперлер» деп аталатын делдалдар арқылы шығарады.
Сүйіндік Қайырбаев, Павлодар облысының ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі
Біздің облыс тұрғыны полицияға шағымданды. Ол ютуб каналаында жарнама көріп, кіріп инвестиция жасаймын деген. Кейін аялақтар ең кішкентай соммадан бастаған. Ең алдымен 50 мың салып жіберіп, одан 5000 мың табыс тапқан. Ал алаяқтар 45 мың теңгесін алып алған. азамат ол туралы білмеген. Оған сеніп, тағы үлкен соммалар сала бастады, 200 мыңнан 1 млнға дейін. Қарызға ақша алып, 90 млнды салып, ол криптавалюта арқылы шетелге шығып кеткен. Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекстің жаңа 232 бабы 1- күшіне енеді. Ол «дропперлікке» қатысты жауапкершілікті қарастырады. Жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру, мүлікті тәркілеу көзделген. Заң тек делдалдарға ғана емес, банк картасын сатқандар мен үшінші тұлғаның тапсырмасымен өз шоты арқылы ақша аударғандарға да қолданылады.
Сүйіндік Қайырбаев, Павлодар облысының ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі
Көбінесе студенттер, жасөспірімдер телеграмнан өздерінің атынан банктік карточка ашып, түскен қаражаттан 5 -15 пайыз жеңіл табыс табамын деп, карточка ашады. Олар кейін қылмыстық жазаға тартылатын болады. Кейіннен 190 баб, 2-3 бөлімдер бойынша 3 жылдан, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Құқық қорғау органдары телефон немесе интернет арқылы арнайы операция жүргізбейді. Жинақтарды күмәнді жобаларға салмай, белгісіз сілтемелерге өтпеу қаржыны қорғаудың негізгі жолы. Мамандар азаматтарды сақ болуға шақырады.
Сабина Жолдаспаева