Бүгін 29 қыркүйек – Дүниежүзілік жүрек күні. Осыған байланысты біз Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының жұмысымен танысуды жөн санадық. Жалпы соңғы кезде жүрек аурулары жасарған. Толығырақ тілші сюжетінде.

Жыл сайын 29 қыркүйекте атап өтілетін Дүниежүзілік жүрек күні (World Heart Day) алғаш рет 1999 жылы Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен ұйымдастырылды. Бұл күні әлемде жүрек-қан тамырлары ауруларынан туындаған қауіпті қоғамда сезінуді арттыру мақсатында, сондай-ақ халықтың барлық топтарында ишемиялық ауру мен ми инсультіне қатысты жан-жақты алдын алу шараларын бастау үшін іс-шаралар өткізіледі.

Әсел Тілеуова, Павлодар облыстық кардиологиялық орталықтың кардиохирург дәрігері

Жүрек - біздің денеміздегі ең маңызды мүшелердің бірі. Ол көзге көрінбейтін насос сияқты жұмыс істейді, қанды үздіксіз айдап, денемізді оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Павлодар облысында жүрек қан тамырлары көрсеткіші артып келеді, мұны мамандар уақытылы әрі терең диагностикалаумен байланыстырып отыр.

Самал Қалиқызы