Павлодар қалалық билер кеңесінің құрылғанына 6 жыл болды. Осы уақыт ішінде 9 мыңға жуық дау-дамайға шешім шығарыпты. Жоғарғы Соттың жарлығымен жасақталған институт бүгінде сот ісінің ықшамдалып, мәселелердің оңынан шешілуіне ықпал етуде.
Бұл қалалық сот жанындағы билер кеңесінің кезекті жұмыс күні. Бұнда қазір «Кереку билер алқасы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері келіп, ой-пікір алмасуда. Билердің бұл бірлестігі тәрбие бағытында жұмыс істейді.
Ал, Павлодар қалалық билер кеңесі 2019 жылы құрылды. Билер құрамының жасақталып, жандануына қалалық ардагер кеңесі ұйытқы болды. Алғашқы құрылтайда 22 адам би болып сайланды. Қазір құрам 27 адамға дейін жетті. Олар өмірлік тәжірибелері мол. Әр түрлі салада, соның ішінде сот жүйесінде қызмет еткен зейнеткерлер.
Билер кеңесі аптаның әр сәрсенбі күндері істерді қарайды. Алты жыл ішінде 9 мыңға жуық іске кесім айтыпты. Оның 3 мыңнан астамы ажырасу ісі. Билер кеңесі отбасылардың сақталуына, мәселердің оң шешілуіне ықпал етуде.
Жанасыл Серікбол