Павлодарлық Чехов атындағы драма театр 80 жылдығын атап өтті. Облыстағы мәдениет ордасының мерейтойымен облыс әкімі Асйын Байханов құттықтады.

Театр мерейтойы актерлері мен ардагерлердің, көрермендердің, театр достарының басын қосты. 80 жыл бойы халыққа парасатты қойылымдар ұсынып келген өнер ордасы аймақтың айтулы ұжымдарының бірі. Бұны облыс әкімі Асйын Байханов та атап өтті.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Расымен де айрықша күн. Чехов атындағы театр – жай ғана мәдени мекеме емес, тұтас бір дәуірдің айнасы болған тірі тарих. Театр жыл сайын 165 спектакль қойып, 40 мыңнан астам көрерменді жинайды. Мұның бәрі ұжымның еңбегі, таланты мен жанқиярлық еңбегінің нәтижесі.

Айтулы датаға орай Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов театр ұжымына 50 миллион теңге көлеміндегі сертификатты табыстады. Сонымен қатар театрдың ардагерлері мен актерлері, қызметкерлері — Нина Запруднева, Ольга Светенкова, Александр Мальцев, Татьяна Зайцева, Нина Белова, Татьяна Головатенко және басқа да өнер иелері марапаттар мен алғыс хаттарға ие болды.

Чехов театрының ресми ашылған күні 1945 жылдың алтыншы қарашасы. Алғашында 7 актер, 13 актрисадан тұрды. 1959 жылы әйгілі жазушы, драматург Антон Чеховтың есімі берілді. Сол уақыттардан бері тынымсыз даму үстінде. Қаншама қойылым ұсынылды, қаншама сахна майталмандары қолтаңбасын қалдырды.

Светлана Хорошилова, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері

Үлкен ұжымбыз. Әртістер ғана емес, әр түрлі мамандық иелері жұмыс істейді. Бәрі бір-бірімен тығыз байланысты. САхнаның срытындағы барлық қызметкерлердің жұмысын біз сахнада көрсетеміз. Өте тату, мейірімді, бірлігі бекем ұжымбыз.

Театр репертуары сан салалы. Қазақ, орыс және өзге де халықтардың шоқтығы биік туындылары сахналанды. 200 жылдары эксперименттік кіші зал ашылды. Содан бері заманауи бағыттарды да қолға алып келеді. Тарихи қойылымдар, мәңгілік тақырыптар, бүгініг уақыттың мәселері, адам мен қоғам – бәрі -бәрі Чехов театрының сахнасынан табылады.