Қыркүйек айында өңіріміздің бірнеше ауылында 2000нан астам үй құстары белгісіз індеттен жаппай қырылды. Құс өлімі облыстың бес ауданындағы жеті ауылдық елді мекенде тіркелді. Құстардың қырылуына байланысты, мамандар зертханалық сараптама жасады. Нәтижесі қандай? «Жоғары патогенді құс тұмауы» диагнозы расталды ма? Алдағы сюжеттен білейік.

Бұл жағдай Тереңкөл, Шарбақты, Ақтоғай, Железин және Ертіс аудандарында анықталды. Мамандар құстардан патологиялық материал алып, зертханаға жіберді. Басты күдік «жоғары патогенді құс тұмауы» болды. Өйткені белгілері қауіпті індетке ұқсас болған. Құстардың жүрісі бұзылып, жемнен бас тартқан. Бастары артқа қайырылып, ұйқышылдық байқалған.

Асылтас Тілеубаев , Павлодар облысы ветеринария басқармасының басшысы

Облыстық ветеринария қызметі әр анықталған өлім-жітімге шығыс жұмыстарын жасап, потологиялық материалдар алынып, Астанаға зертханаға жіберілген болатын. Бүгінде теріс нәтиже келді. Біз құс тұмауына күдік тудырып, тексерісін жіберген болатынбыз. Бірақ, барлығына теріс нәтиже келді. Қазіргі таңда себебі әлі анықталуда. Жабайы құстардың сол кезде миграциясы басталған болатын қыркүйек айында. Республикалық зертханадан келіп, жабайы құстардан да потологиялық материал алынды. Бүгінгі таңда бұл тексеріс үстінде.

Егер зертхана «жоғары патогенді құс тұмауы» диагнозын растағанда, шығын республикалық бюджет есебінен өтелетін еді. Алайда нәтиже теріс болғандықтан, өтемақы төленбейді. Дегенмен аудан әкімдіктері мен ветеринария қызметі құстардың қырылу себебін анықтауда. Мамандар басқа да нұсқаларды қарастырады. Жемнің сапасына немесе сыртқы факторларға байланысты болуы мүмкін.

Асылтас Тілеубаев , Павлодар облысы ветеринария басқармасының басшысы

Жабайы құстардың миграциясы тамыз айының аяғынан және қазан айына дейін жүрген болатын. Осы өлім-жітімге ұшыраған барлық ауылдарда көлдер мен көлшектер бар екені анақталды. Бүгінгі таңда бізде 2484 бас құстар өлім-жітімге ұшырады. Оның ішінде қаздар, үйректер бар. Көбі тауық. Потологиялық материал алынғаннан кейін оң нәтиже көрсетсе, үкімет тарапынан шығындар өтелетін еді. Теріс нәтиже көрсеткенннен кейін төлем жасалмады. Себебі, нәтиже теріс болды. Қазір біз аудандық әкімдермен келісіп, өлім-жітімге ұшыраған ауылдарға көмек көрсетіліп жатыр.

Қазір құстардың қырылуы тоқтады. Мамандар жабайы құстарға қатысты зерттеу нәтижесін күтуде. Ветеринария қызметі бұл жағдайды бақылауда ұстайды.

Сабина Жолдаспаева