Шаһар қырағы көзді бейнебақылау камералардың үнемі назарында. Бұған қоса, бүкіл қаланы шарлап ұшатын дрон тамыз айында іске қосылды. Бұл уақыт ішінде ұшатын құрылғы қанша заң бұзушылық анықтады? Тілші әңгімесінде.

Дрон арқылы анықталған бұзушылық бірден патрульдің полицияға түседі. Бұған тәртіп сақшылары жылдам әрекет етіп, оқиға орнына батальон инспекторларын жібереді. Көбінде тәртіп бұзатын жүргізушілер екен. Олар жол белгілері мен қауіпсіздігін елемей айыппұл арқалайды. Мысалы теміржол вокзалының дәл алдында тоқтап, жолаушыларды қалдыруға болмайды. Ол жерде жол белгісі бар.

Захар Стрельников, Павлодар қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция инспекторы

Кезекті рейд такси жүргізушілерін анықталуға бағытталды. Ерекше назар теміржол вокзалы аумағы. Онда такси жүргузіге тоқтауға тыйым салынады. Белгі тұрған жерде көліктерін тұраққа қояды. Рейд нәтежесінде жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізулер тоқталып әрқайсысына әкімшілік хаттамал толтырылады.

Дрон күніне бірнеше рет 1,5 сағаттан ұшады. Келешекте квадрокоптер санын көбейту жоспарда бар. Ал қала көшелеріне ортанылған «мерген» камералар болса, іске қосылғанымен бұзушылықтарды әлі анықтамайды екен.

Әйгерім Тоқпанқызы