«Аманат» партиясы Астана қаласындағы сайыста үлкен нәтиже көрсеткен балаларды құттықтады. Республикалық жарыс инклюзивті спорт түрлері бойынша өткен еді.

Жас чемпиондарды құттықтауға партия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Николай Дычко қатысты.

Николай Дычко, «Amanat» партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы

Сендерді мақтан тұтамыз. Жетістіктеріңді мақтан тұтамыз. Үлкен нәтиже көрсеттіңдер. Сондықтан, сендерді салтанатты түрде қарсы алудамыз. Бұл чемпионат алдағы уақытта да өтіп, сіздер бұдан да биік шеберліктеріңізді көрсете бересіздеп деп ойлаймын.

Бұл чемпионатқа Павлодар облысынан 18 команда қатысқан. Олардың 11-і жүлделі орынға ие болды.

Мирас Бейсенбай, қола жүлдегер

Өткен жылы біз бірінші орын алған едік. Биыл бұл жетістікке жете алмадық. Қарсыластар өте көп болды. Дайындық өте жоғары деңгейде. Бар мүмкіндігімізді салып, тырыстық. Жартылай финалды жеңіліп, қола медаль үшін болған сайыста жеңдік.

Бұл сайыс көптеген балалар үшін мүмкіндік болды. Жасөспірімдер жеңіске ұмтылу арқылы, болашаққа деген ұмтылыстарын арттырды.

Раушан Даумов, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты

Олар ең күшті, ең мықты балалар. Әдедетте инклюзивті орда деген ұғымды жиі қолданамыз. Алайда, осындай шаралар кезінде балалардың бәрі тең екендігі анық көрінеді.

Балаларға сыйлықтар, жаттықтырушыларға алғыс хаттар табысталды. «Аманат» партиясы балалардың жетістігін әркез қолдайтындықтарын айтты.